С. Аманжолов атындағы ШҚМУ экология және география кафедрасының оқытушылары С. Бакин, Ж. Жазнаева, С. Бейсембаева облыс мектептері арасында экология және табиғатты пайдалану бойынша аймақтық онлайн пәндік олимпиада өткізді.
Олимпиадаға Өскемен, Семей қалаларынан, Алтай, Ұлан, Глубокое, Зайсан, Шемонаиха аудандарынан 15 команда қатысты. Бірінші кезеңде тестілеу өтсе, екінші кезеңде экология бойынша командалық зерттеу жобалары қаралды.
Қорытындысында 1 орынды Средигорное орта мектебінің командасы, 2 орынды Секисовка, Уваровка, Песчанка орта мектептерінің командалары, 3 орынды Тарханка, М.Бикетов атындағы, Х.Мұстафин атындағы мектептердің командалары иеленді.
Экология және география кафедрасы