Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Экологиялық БРЕЙН-РИНГ-2018» өтті

31 наурызда ШҚМУ-дың Экология және география кафедрасында  «Экологиялық БРЕЙН-РИНГ-2018» білімпаздардың зияткерлік шығармашылық сайысы өтті.

«Экологиялық БРЕЙН-РИНГ-2018» білімпаздардың зияткерлік шығармашылық сайысына облыс мектептерінің 10 командасы қатысты. Ойын іріктеу кезеңінен және ақтық кезеңнен тұрды.

Іріктеу кезеңі сырттай өткізілді. Командалар қатысуға өтініммен бірге «Эколог болу оңай ма?» тақырыбында эссе және жоба - «Экологиялық мәдениет» тақырыбындағы баннер, электронды түрде берілді.

Іс-шараның негізгі бөлігі үш кезеңнен тұрды: командалардың таныстыруы; бәйге; эстрадалық миниатюра театры.

 Экологиялық БРЕЙН-РИНГ-2018» білімпаздардың зияткерлік шығармашылық сайысының қорытындысы бойынша келесі орындар анықталды:

1 орын – «Маяковский атындағы орта мектеп» КММ командасы, Жарма ауданы;

2 орын – «Экологиялық патруль» командасы «М.Әуезов атындағы №17 орта мектебі» КММ және «Жасыл әлем» командасы «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ Өскемен қаласы;

3 орын – «Green place» командасы №45 орта мектеп, «Таза планета» командасы №15 орта мектебі КММ Өскемен қаласы, «Верх-Березовская орта мектебі» КММ Глубокий ауданы.

Қазылар алқасы шешімімен орындардан басқа бірқатар номинациялар анықталды. Сонымен қатар, «Экологиялық Брейн-ринг 2018» білімпаздардың зияткерлік шығармашылық сайысының қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар, топ жетекшілеріне алғыс хаттар берілді.

Экология және география кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo