Экология және география кафедрасының студенттері мен оқытушылары «Қазіргі экологиялық проблемаларды шешуде халықаралық экологиялық ұйымдардың рөлі» дөңгелек үстелін өткізді.
Дөңгелек үстелге Экология және география кафедрасының оқытушылары, экология» мамандығының студенттері, Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті облыс бойынша экология департаментінің өкілдері, Өскемен қаласы әкімдігінің «Экобиоцентр» ОЗ-нің өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелде ЮНЕП (Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы), Робин Вуд, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Дүниежүзілік азық-түлік ұйымы, Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры, МАГАТЭ (Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі), Гринпис ұйымдарының, сондай-ақ қазақстандық ұйымдардың әлемдік экологиялық проблемаларды шешудегі рөлі талқыланды.
Қорытынды бойынша облыстың жеке және заңды тұлғаларының экология мәселелерін шешуге қатысуын кеңейту бойынша ұсынымдар қабылданды.
Экология және география кафедрасы