С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Экономика және құқық факультетінің қашықтан оқыту аясындағы әдістемелік онкүндігі аяқталды.
Онкүндік шеңберінде «Қаржы», «Құқықтану», «Экономика», «Есеп және аудит», «Туризм» білім беру бағдарламаларының пәндері бойынша дәрістер, семинарлар мен вебинарлар өткізілді.
Факультет оқытушылары қашықтан оқыту жағдайында жеделдік, ұйымшылдық, бейімделгіштік танытты.
Әр сабақ пайдалы, өзекті болды. Инновациялық педагогикалық әдістер, ақпараттық технологиялар, ZOOM.US платформасының барлық құралдары – бейнеконференциялар, онлайн-кездесулер, чаттар қолданылды.
Онкүндік нәтижелері педагогикалық қызметті жетілдіруге, оқу үрдісін белсенді етуге, жаңа әдістер әзірлеуге пайдалы болмақ.
Баспасөз қызметі