Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да ел Президентінің халыққа Жолдауын ұжымдық талқылау өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы ұжымдық түрде талқыланды.

Оқу ғимараттарында 1-4 курс студенттері мен оқытушылар Жолдауды талқыға салды.

Оған ардагер ұстаздар, ҮЕҰ, кәсіподақтар өкілдері белсенді атсалысты.

Ректор Мұхтар Төлеген өз сөзінде сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі өзекті болып отырғанын атап көрсетті. 

– Университет жемқорлыққа жол бермеу бағытында ауқымды шараларды қолға алған. Бұл ретте ЖОО Академиялық адалдық лигасымен, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО департаментімен, облыстық ішкі саясат басқармасымен, облыс прокуратурасымен, ШҚО Полиция департаментімен және өзге де органдармен тығыз жұмыс істеуде. Бүгінде оқу орнымызда артық бюрократиялық шаралар қысқартылған. Айталық, «PARASAT»  студенттерге қызмет көрсету орталығы «бір терезе» қағидаты бойынша оқуға қабылдау, ауысу, жатақханаға орналасу сынды 30-дан астам мемлекеттік қызметті көрсетеді. Жұмысты ұйымдастыру барысында «Paperfree» («Анықтамасыз қызмет»), «Digital by default» (электронды түрде қызмет көрсету) сияқты заманауи әдістер қолданылады. Оқу үрдісінің ашықтығы үшін Е-Univer интернет-жүйесі енгізілген, онда студенттердің электронды журналдары, үлгерім парақтары орналасқан. Білімгерлердің жазбаша жұмыстары «Антиплагиат» жүйесі арқылы тексеріледі, – деп атап өтті ректор.

Университетте «Sanaly urpaq» фронт-кеңсесі, жемқорлыққа қарсы технологиялар зертханасы, «Адалдық дүкені» алаңдары, тәртіптік-сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес, студенттердің қоғамдық қабылдауы жұмыс істейді.

Ректор заңгер ретінде орталық және жергілікті органдардың құқықтық-нормативтік актілері жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өткізу идеясын құптайтынын да жеткізді.

Талқылауда 2020 жылдың «Еріктілер жылы» болып жарияланғаны айтылды.

– Маңызды міндет – азаматтардың, әсіресе жастардың, студенттердің, оқушылардың еріктілер қозғалысына қатысуын ширату. Бұл – азаматтық қоғамды нығайту барысындағы біздің маңызды міндетіміз, – деді Президент.

ШҚМУ-да соңғы бірнеше жыл қатарынан волонтерлық қозғалыс дамып келеді, мемлекет еріктілердің әлеуметтік жобаларын қолдаймыз деп тұрған қазіргі шақта осы жұмысты жастармен жаңа деңгейде жүргізген жөн.  

Университет ұжымы Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін қызу қолдап, олардың табысты іске асуына бар күш-жігерлерін салатындарын айтты.

Баспасөз қызметі

 

 

Қазақ
× You found a Typo