С. Аманжолов атындағы ШҚМУ экология және география кафедрасында география мамандығы бойынша қашықтан ХІІ республикалық пәнаралық олимпиада өтті. Олимпиадаға 17 жоғары оқу орнынан жиналған 33 студент қатысты.
1-кезең тест сұрақтарын шешу (теориялық), 2-кезең практикалық сұрақтарға жауап беру (практикалық) түрінде өтті.
Комиссия мүшелерінің шешімімен орындар төмендегідей бөлінді. Жеке есеп бойынша І орын – Дәулет Құдабаев (Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ), ІІ орын – Секен Мамырбаев (Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті), Дулат Мақсотов (Абай атындағы ҚазҰПУ), ІІІ орын – Айдын Балғабеков (Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті), Абай Мендібаев (Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті), Николай Грозовский (Ш. Уәлиханов атындағы КМУ).
Командалық есеп бойынша І орын – М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, ІІ орын – М. Өтемісов атындағы БҚМУ, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, ІІІ орын – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті.
Қатысушы студенттер мен жетекшілері олимпиаданың қашықтық форматта бірінші рет өткенін атап, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
Экология және география кафедрасы