Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Елбасы еңбектеріне арналған конференция болып өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еңбектеріне арналған «Тәуелсіздік дәуірі және Руханиат мәселелері» атты оқырман конференциясы болып өтті.

ҚР Президентінің тарихи ой-толғауына арналған бұл оқырмандар конференциясында Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» деп аталатын жаңа кітабын талдап, сөз ету мақсат етілді. Кітапта байқағанымыздай егемен еліміздің басты жетістіктері мен дамуы толықтай қамтылған. Бұл кітап ширек ғасыр ішінде іргетасы қаланған мемлекеттің арғы-бергі тарихын танып-білгісі келетіндерге таптырмас еңбек екені сөзсіз.

Конференция барысында журналистика мамандығының студенттері Ләззат Қанатқызы, Балауса Қожаева, Әділхан Есімханов, Алтынай Бақытжанқызы, Гүлжан Естаева кітап туралы ой-пікірлерін білдірді.

Филология ғылымдарының кандидаты Сләмбек Оразалин жастарға кітап жайлы, Елбасының жетістіктері жайлы және де еліміздің әлі де талай биікті бағындырып, дамуына арқау болатын басқа да еңбектері жайлы сөз етті.

Кітапxана ұжымы, жастар ісі жөніндегі комитет және журналистика мамандығы қолдауымен өткен бұл конференция қонақтар көңілінен шықты деп ойлаймыз.

Жастар ісі жөніндегі комитет

Қазақ
× You found a Typo