Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Елбасы Жолдауы онлайн режимде тыңдалды

Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жыл сайынғы халыққа Жолдауын жария етті.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ұжымы Жолдауды әкімшілік ғимараттағы «Назарбаевтану», «Рухани жаңғыру» орталықтарында, №1 оқу ғимаратының оқу залында бірге тікелей көре алды.

– Жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейтіледі. Біз гранттардың санын көбейттік, енді жауапкершіліктің кезеңі келді. Жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі – оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы. Жоғары оқу орындарын ірілендіру саясатын жүргізу қажет. Нарықта жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ететіндері ғана қалуға тиіс. Назарбаев Университетінің тәжірибесіне сүйеніп, үздік шетелдік топ-менеджерлерді жұмысқа тарту арқылы әлемнің жетекші университеттерімен әріптестік орнату маңызды. Қазіргі білім инфрақұрылымының базасында Назарбаев Университетінің үлгісімен өңірлік жаңа жоғары оқу орнын құру қажет деп санаймын, – деді Мемлекет басшысы.

Мұғалімдер күні Елбасы келер жылы «Ұстаз статусы туралы» Заңды әзірлеуді міндеттеді, аталмыш заң мұғалімдердің жүктемесін азайтып, көптеген тексерістерден арылту қажет.

Жолдаудың мәтінін сілтеме арқылы оқыңыз https://www.vkgu.kz/kk/newsitem/memleket-basshysy-nnazarbaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy-2018-zhylgy-5-kazan.html.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo