Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Елбасы Жолдауы талқыланған дөңгелек үстел өтті

Қазақстан тарихы кафедрасы Президент Жолдауын талқылауға арналған «Ұстаз мерейін өсірген Жолдау» дөңгелек үстелін өткізді.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Советхан Игібаев «Ұстаздар статусын көтеру – маңызды мәселе. Жолдаудағы тапсырмалардың халықтың әл-ауқатын көтеруге, елдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталғаны қуантты. Ұстаздар мәртебесі туралы заң қабылданады. Демек, ұстаздар қауымына деген көзқарас өзгереді. Олар «қолбала» тірліктен құтылып, бар күш-жігерін ұрпақ тәрбиелеуге арнайды» деп атап өтті.     

«Берел» баспасының директоры Сараш Ислямова өзі шыққан педагогикалық отбасы туралы ой бөлісті. Ұрпақтар сабақтастығы дөңгелек үстел жұмысында айрықша айқындалып, кафедра докторанты Ернар Құрманов әлемдегі педагогтар мәртебесі туралы сөз қозғаса, Университет мұражайының меңгерушісі Жаннета Қалимолдина мұражайдағы университет ұстаздарының қызметіне қатысты бейнематериалдармен таныстырды. 2 курс студенті Мәдина Бақытжанқызы тарих мұғалімі болуды мақсат тұтатынын айтты.

Дөңгелек үстел тартымды, қызықты өтті. Кафедра оқытушылары мен студенттері белсенді қатысып, пікір алмасты. Сонымен қоса, ШҚМУ ғылыми кітапханасының және Ислямовтар отбасының көрмелері қойылды.

Қорытындысында педагог мәртебесін көтеруге қатысты ұсыныстар жасалды.

Қазақстан тарихы кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo