Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Елбасы Жолдауын талқылаған дөңгелек үстел өтті

Іс-шара модераторы, ректордың міндетін атқарушы И.В. Ровнякова атап өткендей, Жолдауда 10 бағыт ұсынылған, оның ішінде білім саласына қатысты міндеттер де бар.

– Мамандарды дайындау жаңа жағдайларда жүруі тиіс. Төртінші өнеркәсіптік революция Университет 4.0 міндетін қойып отыр. Университет 1.0 білім мен тәрбие берді, Университет 2.0 бұған ғылымды қосты, Университет 3.0 – кәсіпорындармен, бизнеспен интеграция, ал Университет 4.0 – цифрландыру, инновация, ғылымды өндіріске енгізу, – деді И.В. Ровнякова.

Оның айтуынша, 10 міндет нақты іске асуы қажет.

– Осы міндеттерді орындауға тиіспіз. Ал жастар тәжірибемізді меңгеріп, міндеттерді жаңа жағдайда іске асыруы керек, – деп атап көрсетті И.В. Ровнякова.

Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің деканы А.С. Жанбосынова баяндамасында Жолдаудың басым бағыттарын, университет міндеттерін атады.

Экономика және құқық факультетінің деканы А.Г. Мұхамедиева, психология, педагогика және мәдениет факультетінің деканы Г.Б. Күленова, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Л.К. Жаманбаева, Жоғары колледж директорының орынбасары А.Б. Бахтияров баяндама жасады.

Проректор А.Б. Мырзағалиева колледждегі мамандықтар тізімін қайта қарастыруды, олардың сұранысын тексеруді, мамандықтарды халықаралық стандарттарға сәйкестендіруді ұсынды.

И.В. Ровнякова Жолдауды талқылау барлық кафедраларда өтетінін айтты, қазір оқу орнында Жолдауды іске асыру жоспары әзірленуде.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo