Экономика және құқық факультетінің студенттері мен оқытушылары Халықаралық криминологиялық клуб президенті, заң ғылымдарының докторы, профессор Есберген Алаухановпен кездесті. Іс-шара университет ректоры Мұхтар Төлегеннің бастамасымен ұйымдастырылды.
Қылмыстық құқық кафедрасының меңгерушісі Қуат Рахимбердин ғалымды таныстырып, оның шығармашылығы туралы айтып берді.
Кездесуде құқықтық жүйенің өзекті мәселелері талқыланды. Студенттер өздерін қызықтырған сауалдарын қоя алды.
Е.Алауханов еліміздегі заң ғылымының көрнекті өкілі, академик Салық Зиманов туралы айтып, отандық криминология ғылымын қалыптастырушы ұстазы Елеген Қайыржановтың еңбегін атап өтті. Мұнымен қоса, Есберген Оразұлы өз тәжірибесімен бөлісіп, жастарға табыс тіледі. Құрметті қонақ ШҚМУ-да заңгер ғалымдар, профессорлар О.В.Филимонов, Н.Б.Мұхитдинов, С.Н.Сәбікенов, Г.С.Сапарғалиев, Е.Б. Әбдірасулов қалаған ізгі дәстүр қалыптасқанын атап көрсетті.
Кездесуге қатысушылар ғылыми кітапхана ұйымдастырған Е. Алауханов еңбектерінің көрмесін де тамашалады.
Риясыз жүздесу соңында кафедра меңгерушісі Қ Рахимбердин мен факультет деканы А.Мұхамедиева мәртебелі мейманға алғыс білдірді.
Баспасөз қызметі