Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Эпиграф» баспасының электронды оқулықтар мен оқу басылымдарының базасына кіру мүмкіндігі ашылды

Сіздердің назарларыңызға Қазақстан Республикасындағы толығымен қазақстандықтар дайындап шығарған, тұңғыш отандық баспадан шыққан, «Эпиграф» электронды базасын ұсынамыз.  Базадағы барлық оқулықтар мен оқу басылымдары Қазақстан Республикасының ең үздік авторлары дайындаған және жетекші отандық «ЭВЕРО» баспасынан шыққан.

«Эпинграф» толықмәтінді электронды құжаттар бойынша көп аспектілі іздестіру мүмкіндігін береді. Сіз іздеу шартына сөз, сөз тіркесі және тіпті сөйлем қоя аласыз. Айта кетер маңызды жайт,  бұл базадағы 100 % әдебиет  атауы – журнал, мақала немесе әдістеме құралдар емес, тек қана оқулықтар мен оқу басылымдары. Оқулықтар үш тілде берілген – қазақша, орысша және ағылшынша.

«Эпиграф» электронды базасына кіру үшін Сізге Ғылыми кітапхананың кез-келген оқу залында, Университеттің  кез келген оқу ғимаратында тіркеуден өту қажет.

«Эпиграф» электронды оқулықтар сайтына сілтеме http://res.epigraph.kz/search/

Ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo