Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Еріктілер мектебінің ашылуы өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Еріктілер мектебінің» салтанатты ашылуы болды. Ашылу салтанаты ерекше көңіл-күйге, жастардың позитивті энергетикасына толы болды.

Залдың волонтерлар қозғалысының арнайы логотипі, шарлармен безендірілуі, ерікті жастардың арнайы киімдері жиналған қауымның мерекелік сезімін үстей түскендей болды.   

Ашылу ерекше форматта өтті. Волонтерлар туралы бейнематериал көрсетіліп, жастарды ізгілікке, бірлікке шақыратын ән шырқалды.

Мектеп жұмысына сәттілік тілеген университет ректоры, профессор Мұхтар Әділбекұлы Төлеген: «Адамзат қоғамын ізгілендіруде еріктілер қызметі ерекше мәнге ие. Олар өздерінің күнделікті әрекеті арқылы жақсылық пен ізгіліктің дәнін себеді, жүректерге мейірім шуағын сыйлайды, әлеуметтік өмірге сергек көңіл, қырағы көзбен қарайды. Сондықтан Сіздердің жасап жүрген игілікті істеріңіз үлкен маңызға ие» деді.

Оқу орны басшысының сөзін жастар «Волонтер бол! Бізбен бірге бол! Біз біргеміз!» ұранымен қолдап әкетті.

Университеттің «Мейірім» еріктілер клубының жетекшісі Назым Аманжолова: «2014 жылы құрылған «Мейірім» волонтерлер клубының құрамында 2 мыңнан астам жас бар. Клуб волонтерлік саланың сабақтастық және қамқорлық бағыттары бойынша жұмыс атқарып келеді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Волонтерлар жылы – біз үшін мүмкіндіктер жылы. Ұсынылған мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланып, нәтиже шығару өз қолымызда! «Жылы жүрек, жомарт қол – жақсылыққа бастар жол!» ұранын алға тартамыз» деп атап өтті.

«Еріктілер мектебінің» мақсатн, бағыттарын таныстырған Кәсіби даярлық және біліктіліктілікті арттыру ресурс орталығының директоры Бақытжан Келгембаева: «Абай: «Харекет қыл, пайдасы көпке тисін» деген аталы сөз айтып, адамзат баласына «Адам бол!», адамдық қасиеттеріңді өміріңнің соңына дейін сақтай біл деп ұран тастады. Сол ұранға лайық жүрегі жылы, жаны ізгі «Толық адам» болайық. Оқу орнының оқытушылары Сіздерге 7 бағыт бойынша («Сабақтастық», «Саулық», «Таза әлем», «Асыл мұра»,  «Қамқор», «Білім», «Үміт»)  дәрістер оқып, семинар-тренингтер, мастер-кластар көрсетеді» деп, курс тренерлерімен таныстырды.

Іс-шара ел Президенті жанындағы Мемлекеттік қызметшілерді басқару академиясы ШҚО филиалының аға оқытушысы  Гүлфия Берікболованың волонтерларға арналған тренингтерімен жалғасты.  Интерактивті ойындарды, шығармашылық тапсырмаларды жастар қызыға орындады.

Абайдың 175 жылдығы қарсаңында еріктілер қызметін дұрыс ұйымдастыру ерекше мәнге ие.

Мерейтойға қатысты басты іс-шаралардың облыста өтетініне байланысты еріктілерге арнайы даярлық қажет. Сондықтан  курс барысында Абайдың өмірі мен шығармашылығы, өмір сүрген дәуірі, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктеріне ерекше мән берілмек.

Бақытжан Келгембаева,

Кәсіби даярлық және біліктіліктілікті арттыру ресурс орталығының директоры,

Назым Аманжолова,

 «Мейірім» еріктілер клубының жетекшісі

 

 

Қазақ
× You found a Typo