С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Волонтерлар жылына арналған «Біргеміз» жастар акциясы өтті.
Іс-шара Өскемен қаласы Жастар ресурстық орталығындағы еріктілер орталығының ашылуы аясында өтті.
– Біз сені белсенді болуға үндейміз! Сен – еліміздің болашағысың! Біз – еріктілерміз! Біз біргеміз! – деді қатысушыларға жүргізушілер.
Жиында Өскемен әкімі Жақсылық Омар, ШҚМУ Жастар ісі комитетінің төрағасы Марлен Әбубәкір, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Асылжан Қасентаева, ШҚМТУ еріктілер қозғалысының белсендісі Петр Суханов сөз сөйледі.
Сондай-ақ, «InСoro» тобы, Нұргүл Қабдоллаева, Өнер колледжінің хоры ән шырқады.
Салтанаттан соң қатысушылар Солнечный кентіне барып, Қарттар үйінің аумағын қардан тазалады.
Баспасөз қызметі