Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да филологтардың Академиялық кеңесі өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың академиялық саясатын дамыту мақсатында оқу үдерісін тың жолдар арқылы ұйымдастыру мен жоспарлауды жүзеге асыру үшін  Қазақ, орыс филологиясы  және журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен академиялық Кеңесінің «Филология» комитетінің КЭД және өзге де тәртіптерді түзету бойынша отырысы өтті.

Академиялық кеңес отырысын Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д.  Картаева Айжан Маратбекқызы жүргізді. Академиялық Кеңеске Қалалық білім басқармасының орыс тілі мен әдебиеті пәнінен әдіскер Жандыбаева М.С., ШҚ гуманитарлық колледжі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аймуханбетова Г.А., Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алдебаева Ж.З., №29 орта мектебі КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Зейнолдина Г.Н., Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бөкейханова А. т.б. қатысып жұмыс берушілер атынан, түлектер атынан сөз сөйледі.

Кеңесте кафедраның оқытушы-профессорлары ф.ғ.к., доцент Айтмұқашова А.А. «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын бітірушілердің жұмысқа орналасу жайы»,  п.ғ.к., доцент Садықова С.Т. «Көптілдік білім беру барысында қазақ-орыс тілдерін оқытудың мәселелері» тақырыбында баяндама жасады. Кафедра доценті ф.ғ.к., Сейпутанова А.Қ. «Қазақ тілі мен әдебиеті» «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына қарасты элективті пәндер туралы,  к.ф.н., доцент Демченко Л.Н. «Орыс тілі мен әдебиеті», «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» жайлы хабарлама жасады.

Отырыс соңында А.М.Картаева Академиялық кеңесті қорытындылап, барлық қатысушыларға алғыс айтып, келешекте шығармашылық байланыста жұмыс жүргізе беруге шақырды. 

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo