Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да физика бойынша ХІІ республикалық пәнаралық онлайн олимпиада өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ физика кафедрасында қашықтан ХІІ республикалық пәнаралық олимпиада өтті. Физика мамандығы бойынша олимпиадаға 12 ЖОО-нан 33 студент қатысты.

1-кезең тест сұрақтарын шешу (теориялық), 2-кезең практикалық сұрақтарға жауап беру (практикалық) түрінде өтті.

Жеке есеп бойынша І орынды Айбек Наурызбаев (Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті), ІІ орынды Айдана Рахметоллаева (Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті), Аружан Толықбаева (С. Аманжолов атындағы ШҚМУ), ІІІ орынды Бағдат Жексенұлы (Қорқыт ата атындағы ҚМУ), Олжас Бегайдаров  (С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті), Алина Ағатанова (Семей Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті) алды.

Командалық есеп бойынша І орынды І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті (жетекшісі – Ә.Б. Абдулаева), ІІ орынды «Сырдария» университеті (М.Б. Дінасылова), Павлодар педагогикалық университеті (Р.Н. Асылбаев), ІІІ орынды Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті (Е.С. Мұсабеков), Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (М.Ж. Байжұманов), А. Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университеті (А.Е. Қанапина) иеленді.

Студенттер мен жетекшілері олимпиаданың қашықтан алғашқы рет әрі сәтті өткенін атап, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Физика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo