С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да оқу үрдісінде Activ Studio интербелсенді құрал-жабдығының бағдарламасын қолдану бойынша біліктілікті арттыру курстары өтті, онда облыс пен Ресейдің 60-тан астам оқытушысы білім алды.
Курстарды физика кафедрасының меңгерушісі Г. Бектасова, аға оқытушылары Г. Смолина, Е. Шевчук ұйымдастырды.
Курстарды кафедра оқытушыларымен бірге ІТ-мектеп-лицейдің физика мұғалімі Е. Колясникова өткізді.
Курстардың соңында тыңдаушыларға дидактикалық материалдар таратылды.
Осындай курстарды келешекте тағы ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.
Физика кафедра