Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да физика пәнінен оқушылар арасындағы облыстық олимпиада өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ физика пәнінен мектеп оқушылары арасындағы облыстық олимпиада өткізді.

Физика кафедрасының оқытушылары А.М. Павлов, Г.С. Бектасова, Г.С. Смолина, М.С. Жапарова, Г.Б. Ботабаева, Е.О. Әміренова, Р.Е. Сәкенова физика пәнінен оқушылар үшін облыстық олимпиада өткізді. Олимпиадаға Ұлан, Катонқарағай, Көкпекті аудандары мектептерінің 11 сынып оқушылары қатысты.

11 сыныптың қатысушылары арасынан І орынды Катонқарағай ауданы Рыков атындағы орта мектептің оқушысы Айдар Көкенов, ІІ орынды Таврия орта мектебінің оқушысы Егор Исаков және Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей интернатының оқушысы Әлинұр Жұмағазин, ІІІ орынды Үлкен Нарын ауылдық лицейінің оқушысы Шолпан Чайболсанова, Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей интернатының оқушысы Бекзат Кенжебек, Ұлан ауданы Абай атындағы орта мектебінің оқушысы Алдияр Қуанбек иеленді. Қатысушыларға сертификаттар, дипломдар және алғыс хаттар табысталды.

Физика мұғалімдеріне «Физикалық есептерді шығару технологиясы» шеберлік-сыныбы ұйымдастырылып, сертификаттар табысталды. Шеберлік сыныбын физика кафедрасының аға оқытушысы К.Т. Иманжанова өткізді.

Қатысушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысы ұйымдастырылып, факультет пен кафедраның білім беру бағдарламалары, ШҚМУ-дағы академиялық ұтқырлық бағдарламалары туралы айтылды.

Олимпиаданың жабылуында қатысушылар университеттің білім беру бағдарламаларына қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойды.

Физика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo