Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да ғалымдар мен өндірісшілер облыстың ғылыми-техникалық әлеуетін талқылады

№7 оқу ғимаратында «Шығыс Қазақстанның ғылыми-техникалық әлеуеті: жағдайы және дему келешегі» дөңгелек үстелі өтті.

Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Ержан Шорманов жиынды ашып, облыс салаларында даму байқалатынын жеткізді.

Қазіргі кезде өңірде 33 миллиард теңгенің 5 инновациялық жобасы іске асырылуда.

– Ғылым-білім мен өндірістің ынтымақтастығы – дамудың негізі. Бүгінде индустрия жаңа технологияларды ғылыми орталықтардан – университеттерден алуда. Әлемнің озық оқу орындары ірі корпорациялармен тығыз жұмыс істейді. Келешекте елімізде де жоғары оқу орындары ғылыми әзірлемелер орталығына айналуы тиіс. Осы мақсатта университеттерде зертханалар ашылып, ғылыми базалары нығайтылған, – деді басқосуда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген.

2010 жылдан елімізде ЖОО-лар атқаратын ғылыми зерттеулер саны өсіп келеді.

– Отандық ЖОО-лар әлі де өңір қажеттіліктерін өтеуге кірісе алмай келеді, өйткені бизнес саласы ғылымға ірі тапсырыс бере алмауда. Мемлекет тек стратегия құрайды, ал нақты істі бизнес атқаруы тиіс, – деп атап өтті М. Төлеген.

ШҚМУ-да 20 ғылыми мектеп, 10 ғылыми-зерттеу орталығы бар және олардың әлеуеті мықты.

– Біз зерттеулерге арналған құрал-жабдықтар алуды жалғастырамыз, білім алушылардың бастамаларын қолдаймыз, оқу-ғылыми-өндірістік учаскелерді әлі де ашамыз. Бизнес пен кәсіпорындардан тапсырыстар күтеміз. Біздің ғалымдар оларды орындауға қауқарлы, – деді ректор.

Жиында Ұжымдық пайдаланудағы Ұлттық ғылыми зертхана меңгерушісі Б. Рахәділов өз мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Бүгінде ШҚМУ «Ұлан Жеміс» ЖШС-мен бірлесе картоп сұрыптарын клондаумен шұғылдануда. Қазір 50 мың пробиркалы өсімдік алынған.

Сондай-ақ, университет ғалымдары шағын су электр стансасының үлгісін және тағы да басқа әзірлемелерді жасап шығарған.

ШҚМУ Жиында физикалық-химиялық зертхана меңгерушісі А. Чурсин өз жұмыстары туралы ақпарат берді.

«БЭСТ» фирмасының өндіріс бойынша директоры А. Павлов ШҚМУ-мен бірлесе жасаған керамикалық плита және броньды жилет өндіру бойынша ғылыми жұмыс нәтижесін жария етті.

«Азия Авто» АҚ өндіріс бойынша директоры С. Екимов «BIPEK Contact» жүйесі туралы айтты.  

ШҚМУ Цифрлық технологиялар зертханасының меңгерушісі А. Нұғыманова бизнес пен ғылымның ынтымақтастығы жөнінде баяндама жасады.

Жаңа және өзекті тақырыптарды қаузайтын мұндай жиындар оқу орнында жалғасатын болады.

Баспасөз қызметі

Фото  https://cloud.mail.ru/public/4QGf/aUvd56P54

 

Қазақ
× You found a Typo