Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Ғашықтар күні аясында «Ғашықтық-асыл сезім» атты сайыс болып өтті

Сәуірдің 13-і күні қара шаңырағымыз С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Ғашықтар күні аясында «Ғашықтық-асыл сезім» атты сайыс болып өтті. 

Сәуірдің 13-і күні қара шаңырағымыз С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Ғашықтар күні аясында жастарға Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың маxаббатындай берік болып, киелі ұлы сезімнің қасиетін түсіндіріп,студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту және жас таланттарды табу мақсатында «Ғашықтық-асыл сезім» атты сайыс болып өтті. Сайыс 4 кезеңнен тұрды: «Тегін білген текті ұлттың ұрпағымыз» таныстыру; «Өнерін болса қанеки»; «Тариxқа үңілсек» көрініс;  Интелектуалды сұрақ-жауап.
Осындай қиында, қызықты сайысымызға қазылық еткен қонақтарымыз:
Өнерден ойып орын алып жүрген түлектеріміз айтыскер ақын Қуаныш Еркін мен драма театрының актері  Ғылымxал Манай және Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы  Батырбай Әбілxайыр.
Оқу ордамызда алғаш өтіп отырған бұл сайысқа қатысушыларымыз өте жоғары деңгейде әрі жан-жақты дайындалғандары байқалды.
Сайыс мынадай нәтижемен аяқталды:
Турусбекова  Ляззат, Бегайдаров Шыңғыс 3 орынды, Қалымбек Аян, Жеңіс Зира 2 орынды, Нұрбақыт Таңнұр мен Баймирзаева Ақмарал 1 орынды иеленді. Ал топ жарып, озып шыққан бас жүлдені иеленген Жұбаев Жүрсін мен Ильяс Інжу болды.

Сонымен қатар, барынша ат салысып, қатысушыларға көмек көрсеткен белсенді студенттерде алғыс xатпен мараппатталды. Барша жеңімпаздарды құттықтай отырып, болашақта да осындай көңілді сайыстарда бас қоса берейік дегіміз келеді.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлімі

Қазақ

Tags:

× You found a Typo