Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Глубокое ауданы мұғалімдеріне арналған курс өтті

Қарашаның 26-сы мен 30-ы аралығында Біліктілікті бекіту орталығында Глубокое ауданының бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш мектептің оқу бағдарламаларын жүзеге асырудың әдіснамасы» біліктілікті арттыру курсы өтті.

Оқыту курсын педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының доценті, п.ғ.к. Ардақ Дүйсенбаева жүргізді.

 Курс бағдарламасы тыңдаушыларды жаңартылған білім беру мазмұнының, білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері мен құрылымын таныстыруға бағытталады.

Курс барысында мұғалімдер нәтижеге бағытталған оқыту, Блум таксономиясының таным дағдылары мен тілдік дағдыларға, құндылықтарға негізделген оқу мақсаттарымен танысты. Оларды іске асыруға бағытталған тиімді оқыту мен оқу әдістерін меңгерді.

Критериалды бағалаудың қалыптастырушы және жиынтық бағалау түрлерін тәжірибеде қолданып, тиімділігіне көз жеткізді. Шағын сабақты жоспарлау мен өткізу мұғалімдерге өз тәжірибелеріне рефлексия жасап, сабақ беру әдістемесін жетілдіру жолдарын анықтауға мүмкіндік береді. Жағымды психологиялық ахуал, коллаборативті білім ортасы, зерттеу мен шығармашылық әрекетке негізделген белсенді оқу өз нәтижесін берді.

Оқытудың соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Біліктілікті бекіту орталығы

Қазақ
× You found a Typo