Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да графикалық сурет көрмесі өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Абай мерейтойына арналған «Өрнегін сендей сала алмас...» графикалық сурет көрмесі өтті.

Көрмеге «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 2 курс студенті Әйгерім Жұмағалиеваның туындылары қойылды.

Абай шығармашылығын жанымен түйсініп, көңілімен ұғынған Әйгерім жан тебіренісін графикалық, бір сызықты сурет, дудлинг жанры арқылы қағаз бетіне түсірген.

Көрме тұсауын университет ректоры, профессор М.Ә. Төлеген және ақын, Өскемен қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қ.А. Сарин кесті.

Көрме облыстық «Абай оқулары» байқауының қатысушылары мен унверситет назарына ұсынылды.

Көрермендер қызығушылығын тудырған көрмені қаланың өнер ошақтарында ұйымдастыру ұсынысы түсті.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі

Қазақ
× You found a Typo