Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Ғылым граниті-2018» дәстүрлі ғылыми жобалар байқауы өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Назарбаевтану» ғылыми-білім беру орталығында жас ғалымдардың инновациялық зерттеулерін дамытуға бағытталған «Ғылым граниті-2018» дәстүрлі ғылыми жобалар байқауы өтті.

27 сәуір күні қатысушылар «Әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жоба» және «Техникалық және жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жоба» бағыты бойынша жобаларын қорғады. «Биология», «Физика», «Ядролық физика», «Химия», «Өңдеу өндірістерінің технологиясы», «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы», «Кәсіптік оқыту», «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі», «Дефектология», «Құқықтану», «Шет тілі: екі шет тілі» мамандықтары бойынша студенттер мен магистранттардың 25 жұмысы ұсынылды.

Объективті шешім қабылдау мақсатында «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, Д.Серикбаев атындағы ШҚМТУ материалтану және техникалық физика кафедрасынан, Химия-Биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен, «Оқу-зерттеу Экобиорталық» КМҚК, «Ақ ниет» мектеп гимназиясы тәрізді ұйымдардың өкілдері шақырылды.

Байқау комиссиясы жобаларды қорғау нәтижелері бойынша байқау ережесіне сәйкес келесідей шешім шығарды:

«Әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жоба» бағыты бойынша:

І орын – Дәнияр Жібек «Дефектология» мамандығының 4 курс студенті, ғылыми жетекшісі – психология және коррекциялық педагогика оқытушысы  Байчинов Р.Т.;

ІІ орын – Абдуллина Камила «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 4 курс студенті, ғылыми жетекшісі –  шет тілдері және аударма ісі  кафедрасының меңгерушісі, профессоры, фил.ғ.к. Капышева Г.Қ.

«Техникалық және жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жоба» бағыты бойынша:

ІІ орын – Бақыт Жаннұр «Кәсіби білім беру» мамандығының 3 курс студенті, ғылыми жетекшісі – физика және технология кафедрасының оқытушысы Нуризинова Н.Н., инженер-мастері Досмурат Н.;

ІІ орын – Екимова Татьяна «Биология» мамандығының 4 курс студенті, ғылыми жетекшісі Өсімдіктер биологиясы және биотехнология зертханасының аға қызметкері, а-ш.ғ.к. Кузьмина Г.Н.;

ІІІ орын – Калимолдин Ескелды «Ядролық физика» мамандығының 5 курс студенті, физика және технология кафедрасының профессоры, ф-м.ғ.д. Квеглис Л.И.;

ІІІ орын – Турысбекова Ляззат «Өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығының 2 курс студенті, ғылыми жетекшісі – Ұжымдық пайдаланылатын ұлттық ғылыми зертханасының инженері Оспанова Ж.А.;

ІІІ орын – Морозова Татьяна Сергеевна «Информатика» мамандығының 4 курс студентті, ғылыми жетекшісі – компьютерлік  модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының доценті, т.ғ.к. Сыздыкпаева А.Р.

 Барлық қатысушыларға қатысқаны туралы растайтын сертификат берілді.

 

ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімі

Қазақ
× You found a Typo