Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Ғылым граниті» атты ғылыми жобалардың дәстүрлі байқауы өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Назарбаевтану» ғылыми-білім беру орталығында жас ғалымдардың инновациялық зерттеулерін дамытуға бағытталған «Ғылым граниті» дәстүрлі ғылыми жобалар байқауы өтті.

6 сәуір күні қатысушылар техникалық, технологиялық және жаратылыстану ғылымдары саласындағы жобаларын қорғады. «Биология», «Физика», «Ядролық физика», «Экология», «Өңдеу өндірістерінің технологиясы», «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы», «География», «Кәсіптік оқыту», «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандықтары бойынша студенттер мен магистранттардың 25 жұмысы ұсынылды.

Объективті шешім қабылдау мақсатында «Шығысмашзауыт» АҚ, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Экосервис» ЖШС ШҚО филиалы, «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» тәрізді ұйымдардың өкілдері шақырылды.

7 сәуір күні әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы жобалар бағаланды. Дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім беру және оқыту орталығының, аутизмі бар балаларға арналған «Асыл Мирас» орталығының, «Centras insurance» заңгерлік компаниясының өкілдері, сондай-ақ,  ШҚМУ қызметкерлері «Дефектология», «Шет тілі: екі шет тілі», «Құқықтану», «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтары бойынша 13 жұмысты бағалады.

«Ғылым граниті-2017» байқауы студенттер-болашақ мамандар мен жұмыс берушілердің арасындағы өзіндік көпірге айналды. Осылайша, «Дефектология», «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының студенттері іс-тәжірибеден өтуге және жұмысқа шақырылды.

 Жеңімпаздарды марапаттау Ғылым мен шығармашылық апталығының қорытындысын шығаруға арналған салтанатты кеште жүргізіледі.

        Студенттер мен жас ғалымдардың

ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы

Қазақ

Tags:

× You found a Typo