Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да ғылым күні аталып өтті

Ғылым және шығармашылық аптасы аясында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ғылым күніне арналған «4.0 индустриясы жағдайындағы ШҚМУ ғылымы» атты шара өткізді.

– Бүгін ерекше күн, 12 сәуір – әйгілі қазақ ғалымы Қаныш Сәтпаевтың туған күні, Дүниежүзілік космонавтика күні. Нақ осы күнді еліміз ғылым күні ретінде таңдап алды. Осы мерекемен ректор Мұхтар Төлегеннің атынан құттықтаймын! – деді оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Анар Мырзағалиева.

ШҚМУ-да кешенді зерттеулер төрт негізгі бағыт бойынша жүргізіледі: «ШҚО-ның еңбек ресурстары», «Қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және ШҚО-ның азық-түлік қауіпсіздігі», «Білім берудегі инновациялар», «Алтайдың тарихи-мәдени мұрасы. Түркілердің ежелгі дүниетанымы. Әлеуметтік-мәдени аспект».

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында былтырдан бері облыс әкімдігінің қолдауымен ШҚМУ ғылыми-техникалық бағыттағы жобаларды орындауда, оған оқу орнының барлық зертханалары тартылған.

Форумда Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Альбина Жанбосынова, Физика және технологиялар кафедрасының профессоры Людмила Квеглис, ШҚМУ-да оқып жүрген Вроцлав университетінің (Польша) докторанты Томаш Васкель баяндама жасады.

Университет дамуына үлес қосқан қонақтарға медальдар табысталды, олар – «Нұр Отан» партиясы Өскемен филиалы төрағасының бірінші орынбасары Майраш Екибасова және «Ұлан-Жеміс» ЖШС бас менеджері Төлеген Екімбаев. Ал, ШҚМУ филиалы – «Оқу-зерттеу экобиоорталығы» КМҚК директоры Анатолий Цыганов алғыс хатпен марапатталды.

Бұдан соң аталым жеңімпаздары жарияланды. Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті «Студенттердің ғылыми жұмыстарын ұйымдастыру бойынша үздік факультет», «Еуразиялық ынтымақтастық жағдайындағы өзекті мәселелер» үйірмесі, жетекшісі – экономика және басқару кафедрасының доценті Лаура Жакибаева «Үздік ғылыми үйірме» атанды, ЖҒжТФ-нен 19, ЭжҚФ-нен 6, ТФжХҚФ-нен 8, ППжМФ-нен 9 студент «Мамандықтар бойынша үздік студент» аталымына ие болды.

Шара аясында университет ғалымдары әзірлемелерінің көрмесі өтті, қонақтар «Назарбаевтану» және «Зияткер» орталықтарымен танысты.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo