Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да ғылым мен инновацияларды 2018-2020 жылдарда дамыту

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғалымдары 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламаларды қаржыландыру байқауында «Машина жасау бұйымдары үшін қажалуға төзімді материалдарды алудың инновациялық технологияларын әзірлеу және зерттеу» тақырыбында ғылыми жобаны жүзеге асыруға 266 млн теңге грант ұтып алды.

Жобаның ғылыми жетекшісі – Ұжымдық пайдаланудағы ұлттық ғылыми зертхананың меңгерушісі, PhD, доцент Б.Қ. Рахадилов. Жоба эксплуатация кезінде қарқынды қажалуға ұшырайтын машина жасау бұйымдарының үйкелу бөліктерінің қажалуға төзімділігін арттыруға арналған инновациялық технологияларды әзірлеуге бағытталған. Осы жобаны орындау барысында «Беттік инженерия және трибология» ғылыми зертханасын құру жоспарлануда.

Осылайша, университетте 2018-2020 жылдар аралығында ғылым дамуының басым маңызды бағыттары бойынша бес ғылыми жоба жүзеге асырылмақ. Оның біреуі жоғарыда аталған бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру бойынша болса, қалған жалпы сомасы 110 млн. теңге құрайтын төртеуі гранттық қаржыландыру бойынша жүргізілетін келесі жобалар:

1. «Полимерлік материалдардың электрондық-сәулелік өңдеу арқылы трибологиялық қасиеттерін жақсарту», ғылыми жетекшісі – PhD, доцент Рахадилов Б.Қ.

2. «Қатты жүктелетін тісті берілістердің қызмет мерзімін арттыруға арналған электролитті-плазмалық беттік шынықтыру технологиясын әзірлеу», ғылыми жетекшісі – PhD Баятанова Л.Б.

3. «Аймақ жағдайында шағын су электростанциясының сынақтық коммерциялық үлгісін әзірлеу және жасау», ғылыми жетекшісі – ф-м.ғ.к. Жылқашинова А.М.

4. «Саяси қуғын-сүргін (1920-1950 жж.) құрбандары туралы естелік және оның Қазақстанның киелі жерлер ландшафтында бекітілуі (Шығыс Қазақстан мысалында)», ғылыми жетекшісі – т.ғ.д. доцент Жанбосинова А.С.

Жаратылыстық және техникалық бағыттағы ғылыми жобалар кафедралардағы оқу зертханаларында, фитохимия ғылыми зертханасында, Ұжымдық пайдаланудағы ұлттық ғылыми зертхананың құрамына кіретін  өсімдіктер биологиясы және биотехнология зертханасы, физика-химиялық зерттеулердің сынақ зертханасы және оқу-ғылыми-өндірістік алаңда жүзеге асырылады. Гуманитарлық бағыттағы ғылыми жобалар «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығы, «Назарбаевтану» ғылыми-білім беру орталығы, «Зияткер» ғылыми-білім беру орталығы, «Мәңгілік ел» гуманитарлық және саяси зерттеулер орталығы, «G-Global» экономикалық зерттеулер орталығында жасалады.

Елбасының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан білім және ғылым саласындағы мемелекеттік саясатта айқындалған басым бағыттар бойынша ғылым мен инновацияларды дамыту үшін университет басшылығы тарапынан барлық жағдайлар жасалуда.

Қазіргі уақытта университет ректоры, философия докторы (PhD), з.ғ.к., доцент М.Ә. Төлегеннің нұсқауы бойынша университет ғалымдары «Горизонт-2020» және «Эразмус +» халықаралық бағдарламалары, Дүниежүзілік банк пен басқа да халықаралық ұйымдар арқылы ғылыми жобаларды қаржыландырудың қосымша көздерін іздестіруде.

Студенттер мен магистранттар қаржыландырылатын жобаларды жүзеге асыруға белсенді қатысады. Осы мақсатта Ғылыми Кеңестің шешімімен 2018-2019 оқу жылында жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің студенттерінің бітіру жұмыстарының 50%-ы Ұжымдық пайдаланудағы ұлттық ғылыми зертхананың базасында жасалуын ұйымдастыру кафедраларға жүктелді.

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІ

Қазақ
× You found a Typo