Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Ғылыми кеңес отырысы болып өтті

Ректор М. Төлегеннің төрағалығымен өткен отырыста 10-нан астам мәселе қаралды.

Оқу-әдістеме жұмысын 2016-2019 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамыту бағдарламасына сай жетілдіру туралы оқу-әдістеме жұмысы жөніндегі проректор А. Мырзағалиева баяндады. ШҚМУ-дың 2017-2021 жылдарға арналған даму стратегиясының орындалуы туралы стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Ғ. Сералин ақпарат берді.

«Серпін-2050» бағдарламасының іске асырылуы туралы «Серпін» штабының басшысы Л. Байжұманова хабарлады. Академиялық саясат және білім бағдарламаларын басқару департаменті директорының міндетін атқарушы И. Стеблецова 2018 жылға арналған модульдік білім бағдарламаларын бекіту және өзге де мәселелер туралы мәлімдеді. Елбасы шәкіртақысын тағайындау, емтихан формаларын бекіту туралы оқу үрдісін бақылау және ұйымдастыру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Н. Сәдірбекова хабарлады. Ғылыми кеңес шешімдерінің орындалуын бақылау бойынша тұрақты комиссия төрағасы М. Мадияров бұрын қабылданған шешімдердің іске асуы туралы айтты. Ғылыми кеңес барысында Жоғары колледж қызметіне, магистрлік диссертациялардың тақырыптарына қатысты өзге де мәселелер талқыға салынды. Кеңестің 2018-2019 оқу жылын арналған жоспарын ғылыми хатшы А. Есқалиев таныстырды.

Отырыс қорытындысы бойынша шешім қабылданды.

Ғылыми кеңес, баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo