Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Ғылыми кеңес отырысы өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да университет ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлегеннің төрағалығымен Ғылыми кеңестің отырысы болып өтті.

– Басты міндетіміз – мамандарды сапалы дайындау. Студенттерге барынша білім беруге тиіспіз, олар еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болулары қажет. Келер жылды Елбасы «Жастар жылы» деп жариялады, сондықтан жастарға жіті назар аудару керекпіз, – деді ректор.

Отырыста тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің басшысы С. Тұраров кураторлар қызметі туралы, ЖОО-дан кейінгі білім беру бөлімінің басшысы М. Нықмұқанова диссертациялар тақырыптарын бекіту туралы, стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор И. Ровнякова «ШҚМУ-дың 2017-2020 жылдарға арналған инклюзивті білім беру стратегиясының» орындалуы және студенттер ғылыми жұмыстарын ұйымдастыру туралы баяндама жасады.

Келесі жылдың сәуірінде ШҚМУ-да «Қазақ тілі мен әдебиеті» бойынша ХІ және «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім» бойынша Х республикалық олимпиадалар өтеді.

Ғылыми кеңес факультеттердегі студенттердің ғылыми қауымдастықтары жұмысын жандандыру, ғылыми үйірмелер жұмысын ширату, студенттерді бюджеттік ғылыми жобаларға тарту, ғылыми мақалаларды импакт-факторы бар журналдарда көптеп жариялау жөнінде шешім қабылдады.

Сонымен қатар, студенттер кәсіпкерлігін дамыту үшін университетте бизнес-инкубатор құру ұйғарылды.     

Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры И.С. Стеблецова ЖОО оқытушылары әзірлеген «Қазақстанның жаңа тарихы» оқу бағдарламасын және «Дене мәдениеті және спорт теориясы мен әдістемесі» оқулығын жариялау туралы ұсыныс білдірді.

Сондай-ақ, «Клиникалық психология», «Химиялық криминалистік экспертиза» тәжірибелік оқу бағдарламаларын сараптамадан өткізуді ұсынды.  

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo