Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Ғылыми кеңес отырысы өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ғылыми кеңесінің ағымдағы жылғы соңғы отырысы болып өтті.

Отырыста еңбек ардагерлері, өтіп бара жатқан жылы еңбектерімен ерекше көзге түскен ЖОО-ның үздік ғалымдары мен қызметкерлері марапатталды.

«Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» кеуде белгісі жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің деканы Досым Ерболатұлына табыс етілді.

«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» кеуде белгісі оқытушылар мен қызметкерлер кәсіподақ комитетінің төрайымы Нұрбақыт Қасымқызы Аяғановаға және музыкалық білім беру кафедрасының аға оқытушысы Уатқан Жүнісовке берілді.

Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Төлеубекқызы Байыркенова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің грамотасын, ал шаруашылық департаментінің директоры Ерік Қасымханұлы Қалиев ректор грамотасын алды.

Тарих, филология және халықаралық қатынас факультетіндегі оқу-әдістемелік, тәрбиелік және ғылыми жұмыстар және оларды жетілдіру туралы декан Ә. Өскембай баяндады.

Келесі кезекте Факультеттер мен колледждегі оқу-әдістемелік, тәрбиелік және ғылыми жұмыстарды тексеру комиссиясының төрайымы, академиялық саясат және білім бағдарламаларын басқару департаментінің директоры И. Стеблецованың анықтамасы тыңдалды.

2019 жылға арналған «Қазақстанның заманауи тарихы» пәні бойынша емтихандық және аттестациялық комиссияларын, диплом жұмыстарының тақырыптары мен жетекшілерін бекіту туралы оқу үрдісін ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы Н. Сәдірбекова ақпарат берді.

БҒМ-не босаған білім гранттарына үміткер ақылы негізде оқып жүрген білім алушылар туралы мәліметті академиялық саясат және білім бағдарламаларын басқару департаментінің директоры И. Стеблецова ұсынды.

Ғылыми кеңес шешімдерінің орындалуы туралы Ғылыми кеңес шешімдерінің орындалуын бақылау жөніндегі комиссияның төрағасы, математика кафедрасының доценті М. Мадияров баяндады.

Оқу ғимараттары мен Студенттер үйлерін жиһазбен қамту туралы шаруашылық департамент директоры Е. Қалиев хабарлады.

2018 жылға арналған оқытушылар біліктілігін арттыру жоспарының орындалуы, 2019 жылға арналған осындай жоспар туралы Біліктілікті растау орталығының директоры Б. Келгембаева ақпарат берді.

Студенттер үйлерінде жетім балалардың, қамқоршылықтағы балалардың, Қытай, Моңғолиядан келген таңдаушылардың тегін тұруына рұқсат беру туралы тәрбие жұмысы жөніндегі проректор А. Толамисов ақпараттандырды.

Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының доценті Е. Уанбаевқа «қауымдастырылған профессор» ғылыми атағын беру туралы министрлікке жіберілген ұсыныс жөнінде ғылыми хатшы А. Есқалиев мәлімдеді. 

Шешім 1

Шешім 2

Шешім 3

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo