Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Ғылыми кеңес отырысы өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да ректор М.Ә. Төлегеннің төрағалығымен ғылыми кеңестің кезекті кеңесі өтіп, 10 мәселе қаралды.

2018 жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен халықаралық қызмет қорытындысы және оны Жолдауға сай жетілдіру туралы стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор И. Ровнякова баяндады.

Ақпараттық-техникалық қамту және цифрландыру орталығының жетекшісі Б. Ділдебай өз қызметтері туралы мәлімдеді. Сондай-ақ, «Зияткер» ғылыми-білім беру орталығының жетекшісі С. Стельмах, академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры И. Стеблецова өз құрылымдық бөлімшелерінің есебін берді.

Елбасын Жолдауын оқу-тәрбие үрдісінде іске асыру туралы баяндаманы тәрбие жұмысы жөніндегі проректор А. Толамисов жасады.

Мұнымен қоса, 2017-2018 оқу жылындағы оқытушылардың, кафедралар мен факультеттердің рейтингісі (сапа менеджменті, мониторинг және болжау бөлімінің басшысы М. Ордабаева), 2018-2019 оқу жылындағы оқытушылардың оқу жүктемесін орындауы (академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры И. Стеблецова), университет техникалық паркінің жағдайы (шаруашылық департамент директоры Е. Қалиев) жөнінде мәселелер қаралды.

Кеңес «2018 жылғы ғылыми-зерттеу жұмысы және халықаралық қызмет қорытындысы және оларды Жолдауға сай жетілдіру» мәселесі бойынша шешім шығарды. Шешімге сәйкес оқытушылардың, ғылыми орталықтар мен зертаханалар қызметкерлерінің есеп беру жүйесін енгізу, бюджеттік ғылыми жобаларға білімгерлерді көптеп тарту, ғылымды қаржыландыруды ұлғайту мүмкіндігін қарастыру, жастар ғылыми жобаларының тізімін әзірлеу, халықаралық серіктестерді іздестіру, олармен жұмысты ширату және өзге де міндеттер қойылды.

Баспасөз қызметі 

Қазақ
× You found a Typo