Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Ғылыми кеңес отырысы өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да ректор Мұхтар Төлегеннің төрағалығымен Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті.

Кеңесте Экономика және құқық факультетіндегі оқу-әдістемелік, тәрбиелік, ғылыми жұмысты жетілдіру жағдайы және келешегі туралы (декан А. Мұхамадиева), «2017-2021 жылдарға арналған ШҚМУ-дың даму стратегиясын» іске асыру барысы туралы (СД және ҒЖ жөніндегі проректор И. Ровнякова), Қосымша кәсіби білім беру институтының 2016-2019 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша қызметі туралы (И. Ровнякова), «ЖОО-дағы тәрбие жұмысына қанағаттанушылық» тақырыбындағы университет білім алушыларынан алынған кешенді әлеуметтік сауалнаманың нәтижелері туралы (тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің басшысы С. Тұрарова) мәселелер қаралды.

Сондай-ақ, университеттегі діни деструктивті жүріс-тұрыстың және құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жақсарту (ТЖ жөніндегі проректор А. Толамисов), ШҚМУ-да латын графикасын кезеңмен енгізу («Қазақ жазуы және латын графикасы» орталығының жетекшісі А. Әлімхан), 2019 жылы университет түлектерін еңбекпен қамту (еңбекпен қамту маманы А. Раисова), 2019 жылғы оқытушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділік индексі жобасы туралы (ҒЖ және ХБ департаменті директорының м.а. С. Ковалев) ақпарат берді.

Ректор кеңес барысында Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры​ А. Жанбосыноваға Білім және ғылым министрлігі грамотасын, Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушылары Ж. Белдеубаеваға және С. Әдиқановаға философия докторы куәліктерін, Дене шынықтыру және спорт әдістемесі мен теориясы кафедрасының доценті Е. Уанбаевқа қауымдастырылған профессор куәлігін табыстады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo