Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Ғылыми кеңес отырысы өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтіп, 9 мәселе қаралды және жаңа оқу жылына арналған міндеттер айқындалды.

Негізгі баяндаманы – «ШҚМУ ұжымының 2018-2019 оқу жылындағы жұмысының қорытындысы және «2018-2022 жылдарға арналған С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың даму бағдарламасы» аясындағы 2019-2020 оқу жылына арналған міндеттер туралы» ШҚМУ ректоры М.Ә.Төлеген жасады.

– Жыл басынан оқытушылар мен қызметкерлердің жалақысы 30 пайызға артты, рейтингтік қосымша ақылар сақталды. Оқу жылында ұжымға кемінде алты рет еңбекақы көлемінде сыйақы берілді. Университет Алакөл, Сібе, Ыстықкөл демалыс базаларына, өзге де шипажайларға жолдаммен қамтылып тұрады. Көпбалалы отбасылардан шыққан және қиың өмірлік жағдайға тап болған студенттерге қаржылық көмек көрсетіледі. Оқу ақысы 2017 жылдан бері өскен емес. Педагогикалық мамандықтарға жеңілдіктер қарастырылған. Студенттер үйлеріндегі тұру ақысы 3100 теңгені құрайды. Ғылыми кеңес шешімімен жыл сайын Абай, С.Аманжолов, Ж.Уәлиев атындағы шәкіртақылар, Қ. Бітібаева атындағы грант бөлінуде, – деді ол.

Жиында білімгерлер санын көбейту, академиялық саясатты жаңғырту, ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру үшін жағдайлар жасау, студенттердің әлеуметтік құзіреттіліктерін көтеру, материалдық базаны дамыту сынды міндеттер аталды.

Алдағы оқу жылында компьютерлік кабинеттер мен зертханалар техникалық тұрғыда қайта жарақталып, виртуалды оқу сыныптары, мультимедиялық дәріс залдары ашылмақ, мүмкіндігі шектеулі студенттер үшін оқу ғимараттарында кедергісіз қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Жоспарда жаңа жатақхананың жобалық құжаттарын аяқтау да бар.

Бакалавриат, магистратура түлектерін мемлекеттік аттестациялау және 2018-2019 оқу жылындағы жазғы емтихандық сессия қорытындылары туралы оқу үрдісін ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы Н.Ә.Сәдірбекова баяндады.

2019 жылғы студенттерді жинақтау жоспарын орындау туралы қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Л.Т. Байжұманова хабарлады.

Оқытушылар мен қызметкерлердің КРІ-ін бекіту туралы ақпаратты стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор И.В. Ровнякова берді.

Ол, сондай-ақ, БҒМ профилактикалық бақылау комиссиясы анықтаған олқылықтардың жойылуы туралы да мәлімет берді.

2019 жылы түскен талапкерлер құжаттарының талаптарға сәкестігін тексеру комиссиясының жұмысы туралы комиссия төрағасының орынбасары, студенттік іс жүргізу бөлімінің басшысы Г.К. Қалиева ақпарат таратты.

Білімгерлердің жатақханаларға орналасуын тексеру комиссиясының жұмысы туралы комиссия төрайымы, оқытушылар мен қызметкерлер кәсіподақ комитетінің төрайымы Б.К. Аяғанова мәлімдеді. 

Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы зертханасының жетекшісі М.Ю.Сутула биология ғылымының кандидаты Г.Н.Кузьминаның «Шығыс Қазақстанға жерсіндірілген картоп сұрыптарын өсіру технологиясы бойынша әдістемелік ұсыныстар» еңбегін басу туралы ұсыныс берді.

Кеңес қорытындылары бойынша ұсыныстар қабылданды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo