С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті.
Университет білім алушылары арасында олардың деструктивті діни ағымдар идеологиясына тартылуына жол бермеу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу туралы ТЖ және ӘМБ басшысы Р. Абдрасулин баяндады.
Ұсыныстар – әлеуметтік желілерді, жастар челлендждерін, әлеуметтік роликтерді, акцияларды қолдана отырып, күндізгі бөлімде оқитын студенттер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту, студенттердің университет әлеуметтік желілеріне және инернет-ресурстарына жазылуын ширату, топ кураторлары мен ЖОО қызметкерлеріне арнап ШҚО Дін істері жөніндегі департаментімен бірлесе семинар-тренингтер өткізу.
Ғылыми, педагогикалық, бейіндік бағыттағы 1 курс магистранттарының магистрлік диссертацияларының, 1 курс докторанттарының докторлық диссертацияларының тақырыптарын және жетекшілерін бекіту туралы ЖОО-дан кейінгі білім беру бөлімінің басшысы М. Нықмұқанова мәлімдеді.
СД және ҒЖ жөніндегі проректор И. Ровнякова 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми-техникалық және ғылыми жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландырудың ҚР БҒМ конкурсына қатысуға өтінімдерді және 2020-2022 жылдарға арналған ғылым және ғылыми-техникалық жобалар бойынша бағдарламалық-мақсатты қаржыландырудың конкурстық құжаттамаларын беру барысы туралы хабарлады.
Сондай-ақ, «2019-2023 жылдарға арналған С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды интернационализациялау стратегиясын» бекіту туралы (И. Ровнякова) және «ЖОО-ның үздік оқытушысы-2019» республикалық конкурсына ШҚМУ оқытушыларының кандидатураларын ұсыну туралы (ОӘЖ жөніндегі проректор Д. Ерболатұлы) мәселелер қаралды.
Баспасөз қызметі