Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Ғылыми кеңес отырысы өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Ғылыми кеңесінің отырысында 8 мәселе қаралды. Кеңес отырысы университет ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлегеннің төрағалығымен өтті.

Психология, педагогика және мәдениет факультетінде оқу-әдістемелік, тәрбие, ғылыми жұмысты жетілдіру туралы факультет деканы Г. Куленова баяндады, ал факультеттер мен колледждегі оқу-әдістемелік, тәрбие, ғылыми жұмыстардың ұйымдастырылуын тексеру жөніндегі комиссия төрайымы, академиялық саясат және білім бағдарламаларын басқару департаментінің директоры И. Стеблецова анықтама берді.

ШҚМУ-дың 2019 жылғы қаржылық-шаруашылық қызметі туралы, 2019 жылғы мемлекеттік сатып алулар жоспарының орындалуы туралы бас бухгалтер З. Қасенуәлиева есеп берді.

Академиялық саясат және білім бағдарламаларын басқару департаментінің директоры И. Стеблецова 2020 жылға арналған бакалавриат, магистратура, докторантура мамандықтары бойынша элективті пәндер каталогының бекітілгені туралы мәлімдеді.

«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша МЕК төрағалары есептерінің бекітілуі туралы және мамандық бойынша және бейінді пәндер бойынша мемлекеттік емтихандар бағдарламаларының бекітілуі туралы оқу үрдісін ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы Н. Сәдірбекова ақпарат берді.

Университет түлектерінің дипломдық, магистрлік жұмыстарын тексеру бойынша жұмыс тобы жұмысының нәтижесі туралы оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Д. Ерболатұлы мәлімдеді.

Құқықтану мамандығы студенттері үшін «Виктимология» қосымша білім беру бағдарламаларының бекітілуі туралы кәсіби дайындық және біліктілікті арттыру ресурстық орталығының директоры Б. Келгембаева ақпараттандырды.

Стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор И. Ровнякова «қауымдастырылған профессор» атағына үміткер оқытушылар кандидатураларының министрлікке ұсынылғаны туралы ақпарат берді.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген отырысты қорытындылады. Барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo