Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да ғылыми кеңестің кезекті отырысы болып өтті

Ғылыми кеңестің кезекті отырысында алты мәселе қарастырылды.

Ректор М.Ә. Төлегеннің басшылығымен  ғылыми кеңестің кезекті отырысында алты мәселе қарастырылды.

Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор И.В. Ровнякова «2017-2021 жылдарға арналған С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың даму стратегиясы» іске асыру аясында университетте тәрбие жұмысын жетілдірудің жағдайы, мәселелері және перспективалары туралы» баяндама жасады.

Ректордың ұсыныстары арасында – спорттық клубтар желісін кеңейту, топ кураторларымен студенттік өзін-өзі басқару бойынша семинарлар өткізу.

ТФжХҚФ деканы А.А. Өскембай «Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінде оқу-әдістемелік, тәрбие және ғылыми жұмысты жетілдірудің жағдайы және перспективасы туралы» баяндама жасады.

Ректордың ұсыныстары арасында – талапкерлерді жинақтау бойынша кәсіби бағдарлау жұмысын күшейту, қосдипломды білім беру бойынша жұмысты ширату.

М. Төлеген хабарлағандай, «журналистика» мамандығының 20 жылдығына орай «Алтай» арнасымен бірге ШҚМУ-да теле және радио студиялар ашылады.

«Жоғары колледждегі оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру туралы» оқу орнының директоры С.Д. Өтепов баяндады.

Ректордың ұсыныстары: колледждегі жұмыстар, маман дайындау және олардың сұранысы туралы тиянақты хабарлама әзірлеу, мәселені тыңдауды келесі отырысқа ауыстыру.

«Университеттегі ЖОО-дан кейінгі білім беруді дамыту туралы» бөлім басшысының м.а. Б.З. Медеубаева, «Диплом жұмыстарының тақырыптарын, жетекшілерін бекіту туралы» оқу үрдісін бақылау және ұйымдастыру бөлімі басшысының м.а. Н.Ә. Сәдірбекова әңгімеледі.

«2018-2019 оқу жылына арналған ШҚМУ білім алушыларын әлеуметтік қолдау ережесін» бекіту туралы» Маркетинг және ЖОО-ға дейінгі дайындық орталығының басшысы А.Х. Мәшекенеова сөз сөйледі. Ереже ШҚМУ сайтында жарияланады.

М. Төлеген осы жылы ШҚМУ-да жаңа қосарлы мамандықтар (химия-биология, математика-физика), «Компьютерлік мехатроника» және «Цифрлық гуманитаристика» сынды екі білім беру бағдарламасы ашылатынын хабарлады.

Ректордың айтуынша, бүгінде студент тартумен қатар, «Серпін» бағдарламасы бойынша оқитын студенттерді жұмыспен қамту да өзекті мәселе.

Ғылыми кеңестің барлық мәселелері бойынша шешім қабылданды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo