Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да университет ректоры М.Ә.Төлегеннің төрағалығымен Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті, жиында сегіз мәселе қаралды.

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетіндегі оқу-әдістемелік, тәрбие және ғылыми жұмыстарды жетілдіру мәселесі бойынша факультет деканы М. Мадияров баяндады, академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры, университет факультеттері мен колледжіндегі оқу-әдістемелік, тәрбие және ғылыми жұмыстарды тексеру комиссиясының төрайымы И. Стеблецова анықтама берді.

«Ұжымдық пайдаланудағы ұлттық ғылыми зертхананың ШҚО кәсіпорындарымен ғылыми-техникалық серіктестігін дамыту туралы» Ұжымдық пайдаланудағы ұлттық ғылыми зертхана меңгерушісінің м.а. М. Сутула ақпарат берді.

ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімінің басшысы М. Әбілев STEM-бағыттағы мұғалімдерді дайындаудағы біріктірілген амал-тәсілдер» халықаралық жобасын іске асыру, «Ғылым граниті» байқауының ережесіне өзгерістер енгізу, монографияларды баспаға ұсыну туралы хабарлады.

Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры И. Стеблецова бакалавриатта оқитындарды қорытынды аттестациялаудан өткізу формасының өзгергенін мәлімдеді.

Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор, физика кафедрасының доценті, физика-математика ғылымдарының кандидаты Д. Ерболатұылының кандидатурасын «қауымдастырылған профессор» ғылыми атағына ұсыну туралы стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор И. Ровнякова. хабарлады.

ШҚМУ-дың «Имидж ВКГУ» газетінің атауын өзгерту (қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының профессоры С. Оразалин), ШҚМУ-дағы Абайдың мерейтойы аясында өтетін іс-шаралардың жоспарын бекіту (қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының профессоры С. Оразалин) туралы мәселелер қаралды.

Ғылыми кеңесте қаралған барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo