Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Ғылыми кеңестің онлайн отырысы өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ғылыми кеңесінің университет ректоры М.Ә. Төлегеннің төрағалығымен онлайн режимінде өткен кезекті отырысының күн тәртібінде жеті мәселе қаралды.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжінің директоры С.Д. Өтепов колледждегі оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын жетілдірудің жағдайы мен болашағы туралы баяндама жасады.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ақпараттық ресурстарының институционалды репозиторийін толықтыру бойынша жұмыстардың барысы туралы ғылыми кітапхана директоры П.К. Нұралиева ақпарат берді.

Сапа менеджменті, мониторинг және болжау бөлімінің басшысы М.А. Ордабаева оқыту сапасына жүргізілген мониторингтік зерттеулер нәтижелері туралы баяндады.

Маркетинг, мансап және жұмыспен қамту орталығының жетекшісі Ж.Б. Болатова университеттің факультеттері мен бөлімдеріндегі онлайн режимінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарының барысы туралы хабарлады.

Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры И.С. Стеблецова «С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың білім алушыларының үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу туралы» ережеге, «С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың академиялық саясатына», сондай-ақ төтенше жағдайдағы «2019-2020 оқу жылына арналған академиялық күнтізбеге» өзгерістер енгізу туралы баяндама жасады.

Стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор И.В. Ровнякова университет түлектерінің жұмысқа орналасу барысы, сонымен қатар Сарсен Аманжолов атындағы оқу грантын беру туралы ақпарат берді.

Университеттің ректоры М.А. Төлеген жиналғандар назарын өзекті мәселелерге, оның ішінде кәсіби бағдар беруге аудара отырып, бүгінгі таңда талапкерлерді тарту үшін барлық декандарға, кафедра меңгерушілеріне, университеттің әр оқытушысы мен қызметкеріне, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына белсенді жұмыс істеуі қажет екенін атап өтті.

– Бүгінгі таңда біздің университетте 7 мыңнан астам адам оқиды, жақсы материалдық-техникалық база бар, заманауи құрылғылармен жабдықталған көптеген жаңа аудиториялар, зертханалар, орталықтар ашылды, инфрақұрылым дамыды. Кампуста (студенттер қалашығы) ыңғайлы оқу дәрісханалары, Студенттер үйлері, «Парасат» студенттерге қызмет көрсету орталығы, А. Трунов атындағы фитнес-орталық, кітапханалар мен оқу залдары, мұражайлар, бассейн, спорт залдары, демалыс орны бар. Әр факультет жеке ғимаратқа ие, онда табысты оқу және өзін-өзі дамыту үшін барлық қажеттіліктер бар, сондай-ақ өзіне тән ерекшеліктері мен назар аударарлық орындары да жоқ емес. Біз барлығымыз осы ақпаратты түлектерге жеткізуге, барлық деңгейдегі кәсіптік бағдарлауды күшейтуге тиіспіз, – деді М.Ә. Төлеген.

Барлық талқыланған мәселелер бойынша шешімдер қабылданады.

Баспасөз қызметі

 

Қазақ
× You found a Typo