Ғылыми кеңестің күн тәртібінде 16 мәселе болды. Отырыс барысында сол мәселелер талқыға салынды.
Атап айтар болсақ, университеттің 2017 жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының және халықаралық қызметінің қорытындысы туралы және Елбасы Жолдауы аясындағы келешек іс-шаралар туралы оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Анар Мырзағалиева, ППжМФ-де оқу-әдістемелік, тәрбие және ғылыми жұмыстар туралы факультет деканы Г. Күленова, ШҚМУ-дың қаржылық-шаруашылық қызметі туралы бас бухгалтер З. Қасенуәлиева, студенттерде отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру және шығармашылық әлеуеттерді дамыту үшін жағдайлар жасау жұмыстарын жетілдіру туралы тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ирина Ровнякова баяндамалар жасады.
Ғылыми кеңес отырысының қатысушылары бірқатар көтерілген мәселелерге орай пікір білдіріп, ұсыныстарын жеткізді.
Баспасөз қызметі