Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да ғылыми-практикалық семинар өтті

21 ақпан күні С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру кепілі» атты ғылыми-практикалық семинар өтті.

Семинарға университеттің профессор-оқытушылары, магистранттары, баспасөз орталығы және «Хабар» телеарнасының тілшісі Олжас Керейхан қатысты.

Семинар жұмысының кіріспе сөзін оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, б.ғ.д. Мырзағалиева Анар Базарқызы бастап, кешегі Елбасының латын әліпбиі нұсқасын бекітуі жөнінде жарлық шыққанын атап өтті.

Семинар модераторы ф.ғ.к., қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының доценті, «Қазақ жазуы және латын графикасы» орталығының жетекшісі Әлімхан А.Ә. бұл отырыста латын әліпбиінің соңғы нұсқасы туралы қарастырылатынын айтты.

Қазақ жазуының тариыхы және латын әліпбиі жайлы ғалымдар өз ойларын ортаға салды. Баяндамашылар: Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к. Нурбекова Р.К. «Латын әліпбиіне тарихи көзқарас», Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Айтмұқашова А.А. «Қазақ жазуының тарихы», аға оқытушы Қайырбаева Ж.Қ. «Қазақ тілінің латын әлібиінің фонетикалық ерекшеліктері», ф.ғ.к., доцент Бияров Б.Н. «Жер-су аттарын латын әліпбиіне көшірудің кейбір мәселелері», Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Шошақ Мереке «Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы», Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д. Картаева А.М. «Латын графикасына көшу мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.

Семинар соңында қатысқандарға сертификаттар берілді.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo