Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да ғылыми-техникалық кеңестің кезекті отырысы өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың №8 оқу ғимаратында ғылыми-техникалық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысқа аталмыш кеңес мүшелері, ғылыми орталықтар мен зертханалардың қызметкерлері қатысты.

Стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор И. Ровнякованың төрағалық етуімен өткен кеңесте келесі мәселелер қаралды: «Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертхана базасында орындалатын факультеттер бойынша студенттер мен магистранттардың ғылыми жұмыстарын ұйымдастыру туралы», «2019-2020 оқу жылының 1 семестріндегі университеттің халықаралық қызметі мен интернационализация стратегиясын жүзеге асыру туралы», «Стартап және мемлекеттік бюджет жобаларына студенттер мен жас ғалымдардың қатысуы туралы», «6D0203000 Тарих» мамандығы бойынша докторантар есебі, «Деканаттар мен кафедраларда ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуға өтінімдерді дайындау туралы», «Монографияны талқылау және ұсыну».

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, ұсыныстар берілді.

Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертхана меңгерушісінің м.а., философия докторы М. Сутула зертхана базасында орындалатын ғылыми жобалармен таныстырып, өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы зертханасы бойынша экскурсия өткізді.                                                                            

ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімі

Қазақ
× You found a Typo