Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да халық әртісі Жания Әубәкіровамен шығармашылық кездесу өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да студенттер мен оқытушылардың халық әртісі, пианист Жания Жақияқызы Әубәкіровамен шығармашылық кездесуі болып, жиында өнер саңлағының «Вариации на темы…» кітабы таныстырылып, фортепьянолық концерті өтті. 

Кешті музыкалық білім кафедрасының доценті, профессор Әлмира Нұрғожина жүргізді.

Кездесуде халықаралық байқаулар лауреаты Максим Максимовтың, Құрманғазы атындағы консерватория магистранты Ербол Қожағұл мен педагогтары Рәбиға Дүйсембаеваның, Гүлнар Құрамбаеваның фортепьянолық концерті өтті.

Халық әртісі болса Л. Бетховеннің №8 сонатасын, С. Рахманиновтың «Скерцо», «Вальс» туындыларын шебер орындап берді.

Кездесу ұзын-сонар қол шапалақтаумен және әртістерге гүл шоқтарын ұсунымен аяқталды.

Ал осы жүздесу қарсаңында «Altai jastary» телестудиясында студент-журналисттер әртістен сұхбат алды.

Жания Жақияқызы (1957) – пианист, концертмейстер, педагог, Қазақстанның халық әртісі (1991), професор (1993). Мәскеу консерваториясын (1979), 1981 жылы аспирантурасын (проф. Л.Н. Власенконың класы бойынша) бітірген. 1979 жылы Қазақ академиялық опера және балет театрында концертмейстер, 1981-1993 жылдары Алматы консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) аға оқытушы, доцент, фортепьяно кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1993 жылдан професор, 1997 жылдан осы қонсерваторияның ректоры.

Жеке концерттік бағдарламасымен және камералық, симфониялық оркестрлермен бірге ТМД, Франңия, Алмания, Ұлыбритания, Финляндия, Италия, Чех Республикасы, Болгария, Корея, Жапония елдерінде өнер көрсетті. М. Лонг және Ж. Тибо атындағы (Париж, 1983) және камералық ансамбльдер (Париж, 1985) халықаралық байқаулардың жүлдегері. Қазақстан Комсомол сыйлығының лауреаты атанды (1982). 1998 жылы Францияның Өнер және әдебиет орденімен марапатталған. «Тарлан» сыйлығының иегері (2001).

Жания Жақияқызы Әубәкірованың есімі дүниежүзі музыкасүйер қауымына кеңінен танымал.

Ж. Әубәкірованың жетістіктері туралы 1984 жылы «Жаңа толқын», 1986 жылы «Рояльдың алдындағы монологтар», 1998 жылы «Дуэт» атты деректі фильмдер түсірілген.

Жәния Әубәкірова 20 жылдан астам еліміздің жетекші музыкалық жоғары оқу орнын – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын басқарып келеді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo