Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да халықаралық Дефектолог күні аталып өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Дефектолог күні аталып өтті. Осы күні Өскеменнің білікті дефектологтары студенттер үшін шеберлік сабақтарын ұйымдастырды.

Мерекелік іс-шараны «Зияткер» ғылыми-білім беру орталығы мен Психология және коррекциялық педагогика кафедрасы ұйымдастырды.

Дефектолог күні балаларға қоршаған әлемді сөздер мен заттар арқылы тануға көмектесетін маңызды мамандыққа арналған.

Дефектолог күні аясында өскемендік дефектологтар Психология және коррекциялық педагогика кафедрасының студенттеріне арнап шеберлік сабақтарын өткізді, студенттер топтары таныстырылымдар ұйымдастырды.

Мереке барысында музыкалық тарту ретінде кафедра студенті, «Бірінші курс дарындары-2019» байқауындағы «Алтын дауыс» аталымының жеңімпазы Шұғыла Зұлқашова ән шырқады.

Іс-шара соңында студенттерге сертификаттар табысталды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo