Жуырда №1 оқу ғимаратының конференц-залында «Ресей – Қазақстан: мәдениаралық диалог жаһандану кезеңіндегі мәдениеттің даму факторы ретінде» халықаралық дөңглек үстелі болып өтті.
Іс-шараны өткізуге бастамашы болғандар: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ (Қазақстан тарихы және ӘГП кафедрасы, «Алтайтану» ҒЗО), Оңтүстік Орал мемлекеттік университеті (Челябі қ., Ресей), «Еуразиялық достастық» әлеуметтік-экономикалық даму қоры (Челябі қ., Ресей).
Дөңгелек үстелде екі елдің әлеуметтік-экономикалық саладағы қарым-қатынастары, мәдениет, білім, ғылым, жастар саясаты бағыттарындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ (Өскемен), Философия, саясаттану және дінтану институты (Алматы), Оңтүстік Орал мемлекеттік университеті (Челябі қ., Ресей) ғалымдары, ШҚО ҚХА ғылыми-сараптама тобының және Еуразиялық ақпараттық-сараптамалық консорциумының (Қазақстан), «Еуразиялық достастық» әлеуметтік-экономикалық даму қорының (Ресей), Қазақстан философиялық конгресінің мүшелері баяндама жасады.
Іс-шараның толық бейнетүсірілімін YouTube арнасынан мына сілтеме арқылы көре аласыз:https://www.youtube.com/watch?v=WAk0abhoH-U
Баспасөз қызметі