Экономика және құқық факультетінің әдістемелік апталығы аясында Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасының аға оқытушысы С.Д. Дүйсембаева «Халықаралық экологиялық құқық» тақырыбында онлайн-семинар жүргізді.
Онлайн-семинарда құқықтану мамандығының 3-курс студенттерімен халықаралық экологиялық құқық мәселелері талқыланды.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ білім беру үдерісіне байланысты «Жаңа гуманитарлық білім», оның ішінде қазақ тіліндегі «100 жаңа оқулық» бойынша сабақ барысында «Халықаралық экологиялық құқық» тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Студенттердің танымдық қызығушылықтарын дамыту аясында «Халықаралық құқық» оқулығының материалдары пайдаланылды.
Сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өткізілді.
Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасы