С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Қазақстан философиялық конгресі» Шығыс бөлімшесінің бастамасымен «Өркениетті таңдау мәдениеті және мәселесі» VI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференция осы тақырыпта алтыншы рет өтуде. Биылғы отырыс тақырыбы: «Өркениет және мәдениет контекстіндегі үлгілер мен ұғымдар: таңдау немесе қалыптасу заңдылықтары?».
Жиынды Қазақстан философиялық конгресі Шығыс бөлімшесінің төрайымы, профессор Нина Гусева ашты.
Онлайн форматында үш (Ресей, Беларусь, Қазақстан) елден 5 алаң жұмыс істеді. Барлығы 14 баяндама жасалды.
Конференция қорытындысы бойынша ғылыми еңбектер жинағы шығарылады.
Баспасөз қызметі