С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Қаржы және есеп кафедрасы факультеттің әдістемелік онкүндігі аясында «ХХІ ғасыр бухгалтері» ғылыми үйірмесінің ашық отырысын өткізді.
Отырысты 15 сәуірде №9 оқу ғимаратында ғылыми жетекшілер – доцент К. Шолпанбаева, аға оқытушылар Л. Белоусова, К. Қонбаева ұйымдастырды.
Баяндамалар өзектілігімен ерекшеленіп, оларда есеп мәселесі бойынша ұсыныстар айтылды.
Отырыс студенттерді ғылымға белсенді түрде тартуды мақсат етті.
Оқу жылында барлығы 8 отырыс өткен. Олардың барысында есеп пен аудиттің өзекті мәселелері талқыланды.
Баспасөз қызметі