Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы өтеді

5 наурызда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті жастар жылына орай «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысын өткізеді.

Ойын №7 оқу ғимаратының 214 дәрісханасында сағат 14.00-де басталмақ.

Сайыс мақсаты студенттердің логикалық ой-өрісін, зейінін, жадында сақтау қабілетін, оқуға қызығушылығын, шығарамашылығын, патриоттық сезімдерін дамыту.

Ойынға 10 студент қатысады, әр факультеттен, Жоғары колледжден 2 студенттен (1-3 курс студенттері, іштей бөлім, қазақ тобы).

1-ші тур – «Бәйге». 8 сұрақтан тұратын тест интербелсенді тақтада беріледі. Тест соңында екі ойыншы ойыннан шығады. Келесі турға 8 ойыншы өтеді.

2-ші тур – «Жұмбақ сандық». Ойыншыларға 4 сұрақтан тұратын, жауаптар нұсқалары берілмеген 4 тақырып ұсынылады. Әр сұрақтың күрделіленуіне қарай өсу ретімен орналасқан ұпайлары болады (10, 20, 30, 40). Сұрақты 1 турда бірінші орында келе жатқан ойыншы тандайды. Егер ол сұраққа жауап бере алмаса, оған қарсылас ойыншылар жауап бере алады. Жартылай финалға 6 ойыншы өтеді.

3-ші тур – «Көшбасшы». Үш тілде сұрақ қойылады, дұрыс жауапқа 30 ұпай, ал бір дұрыс емес жауапқа 10 ұпай алынып отырады. Оның дұрыс емес жауабына басқа қарсылас топ жауап беруіне болады және қалған ұпай саны сол ойыншыға есептеледі. Финалға 3 ойыншы өтеді.

4-ші тур – «Дода». Әр ойыншы 1 минутта сұрақтарға жылдам жауап беру керек. Әр дұрыс жауап үшін 5 ұпай беріледі. Егер екі немесе үш ойыншы бірдей ұпай жинаса, оларға қосымша тапсырма беріледі.

Қосымша тур – «Чемпион». Әр ойыншыға тапсырма, 1 минут уақыт беріледі. Содан кейін ойыншылар өз жұмыстарын қазыларға тапсырады.

Жүлделі орындарға грамоталар және сыйлықтар, қалған ойыншыларға сертификаттар табысталады.

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті, 

баспасөз мәлімдемесі

Қазақ
× You found a Typo