С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ғылыми кітапханасы «Химия и жизнь – XXI век» журналының мерейтойына орай көрме ұйымдастырды.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ғылыми кітапханасы республикалық мерзімді басылымдарды насихаттау арқылы жаңа оқырмандарды тарту мақсатымен оқырмандарға ғылыми жаңалықтарды уақтылы жеткізіп тұратын, сондай-ақ жаңа зерттеу жұмыстарын сарапқа, талқылауға және ғылыми айналымға ұсынатын, маңызды басылымдардың бірі – «Химия и жизнь – XXI век» ғылыми-көпшілік журналының 55 жылдық мерейтойына орай көрме ұйымдастырды.
Бұл көрмеге атаулы журналдың кітапхана қорында сақталған 2009 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі әр жылдары баспадан шыққан нөмірлері қойылды.
Кітапхана оқырмандарын 12-22 наурызда мерзімді басылымдар залында (№1 оқу ғимараты, 102 дәрісхана) осы көрмемен танысып, өздеріне қажетті ақпараттар алуға шақырамыз!
А. Нұрсолтанова,
Ғылыми кітапхана