Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да информатика бойынша облыстық олимпиада өтті

C. Аманжолов атындағы ШҚМУ Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушылары информатика пәні бойынша облыс мектеп оқушылары арасында олимпиада өткізді.

Облыстық олимпиадаға Шемонайха ауданы №1 мектеп-гимназиясының, А. Иванов атындағы Выдриха орта мектебінің, Семей қаласы Шәкәрім атындағы көпбейінді гимназиясының, Риддер қаласы №2 орта мектебінің, №1 мектеп-лицейінің, Өскемен қаласы №3, №4, №5, №9, №11, №12, №15, №16, №18, №20, №35, №37, №38, №39, №44, №46, №47 орта мектептерінің 11-сынып оқушылары қатысты. Барлық қатысушылар саны – 67.

Ашылу рәсімінде Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің деканы М. Мадияров, кафедра меңгерушісі Ж. Жантасова факультет кафедралары даярлайтын оқу бағдарламаларына тоқталып, білім алушыларға университет ұсынатын мүмкіндіктері жайлы ақпарат берді.

Олимпиада 2 кезеңмен ұйымдастырылды – бағдарламалаудан жазбаша тест және «SMART CITY жобалауда қолданылатын IT-технологиялар» тақырыбы бойынша жоба қорғау.

1-кезең бойынша 67 оқушының 23-сі екінші кезеңге өтті. Қалған 44 қатысушыға сертификат берілді. 2-кезең бойынша қазылар алқасы оқушылардың жақсы дайындықтарын атап өтті. Бас жүлдені З. Ахметов атындағы №16 орта мектептің 11-сынып оқышысы Мәди Мұқатаев иеленді (жетекшісі – Назгүл Сейітқазинова).

1 орынды Өскемен қаласы №11 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Кирилл Поляков (жетекшісі Е. Кузьмина), 2 орынды №47 орта мектептің 11-сынып оқушысы Тимур Сайлаубеков (жетекшісі М. Сәдуақасова) және А. Байтұрсынов атындағы №20 мектептің 11-сынып оқушысы Томирис Тұрысбекова (жетекшісі Г. Тұрсынбаева), 3 орынды Семей қаласы Шәкәрім атындағы көпбейінді гимназиясының 11-сынып оқушысы Олжас Қайдар (жетекшісі С. Минаева), Өскемен қаласы №11 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Александр Полторанин (жетекшісі О. Винокурова), Өскемен қаласы №46 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Бекжан Бидахметов (жетекшісі Ч. Бабатаева) иеленді.

Барлық жеңімпаздар мен номинация иегерлері дипломдармен, мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды.

Іс-шарада роботты техника бойынша көрме, мектеп мұғалімдері үшін кафедра оқытушылары ұйымдастырған «Информатиканы оқытудағы қазіргі заманғы тенденциялар» әдістемелік семинары өтті. Семинарда кафедра доценті С. Көбентаева «Информатика пәнін ағылшын тілінде оқытуда Telegram әлеуметтік желісін қолдану», кафедра оқытушылары М. Толықбаева және Қ. Сарбасова «Образовательная робототехника. Возможности и перспективы» баяндамаларын жасады.

Олимпиада ұйымдастырушылары – кафедра аға оқытушылары Салтанат Адиканова мен Гүлнұр Жүнісова.

Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы

 

Қазақ
× You found a Typo