Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да информатика бойынша жаңа бірегей элективті пәндер енгізілді

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында IT-білім беруді іске асыру – С. Аманжолов атындағы ШҚМУ қызметінің маңызды бағыты.

Айталық, «Информатика» білім беру бағдарламасы аясында Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінде мына жаңа элективті пәндер енгізілді: «Веб-бағдарламалау», «Оқушылардың ғылыми жобаларындағы компьютерлік модельдеу», «Педагогикалық бағдарламалық жасақтаманың дизайны және құрылымы», «Macromedia Flash» арқылы бағдарламалау», «Веб-дизайн», «Сараптамалық жүйелер және жасанды интеллект негіздері», «Білім беру роботты техникасы» және басқалар.

Білім беру мазмұнын жаңарту бойынша жұмыстың жарқын мысалы – «Компьютерлік мехатроника» инновациялық білім беру бағдарламасы. Ол өзектілігіне, сұранысына байланысты 2018-2020 жылдарға арналған цифрлық экономика үшін адами капиталды дамыту бойынша «Жол картасы» және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламалары бойынша қызметті жүзеге асыруға университеттерге ұсынылатын «Жаңа мамандықтар атласы» жаңа мамандықтар тізіміне енгізілді.

«Компьютерлік мехатрониканың» бірегейлігі мен жаңашылдығы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін шешудің маңыздылығында, онда инновациялық кәсіптік қызметтің жаңа бағыттарына: әртүрлі салалардың түйісуінде болашақ IT мамандарында пәнаралық білімді қалыптастыруға (бағдарламалау, модельдеу және электроника) ерекше көңіл бөлінеді.

Осыған сәйкес университетте тағы бір маңызды бағыт – STEM-білім дамып келеді.

Жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыруға университеттің материалдық-техникалық базасы, жаратылыстану циклі пәндеріндегі оқу зертханалық жабдықтары көмектеседі.

Мысалы, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың оқу зертханалық жабдықтарына мыналар енеді: жаңа ІТ-сыныптар; химия класы және «KAZ Minerals-пен» бірлесіп ашылған екі химия зертханасы; Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі, т.ғ.д., профессор Ә. Ахметов атындағы химия кабинеті; Ж. Ахмеров атындағы цифрлық гуманитарлық кабинет; «Роболаб» оқу роботты техника зертханасы; Lego Mindstorm EV3 базасындағы роботтарды жобалау және бағдарламалау бойынша зертханалық жұмыстар жиынтығы; SMART қызметтерімен («ақылды үй», «ақылды автомобиль», «ақылды денсаулық») IT-инфрақұрылымын құру мүмкіндігі бар IT-мамандықтаы бойынша оқу процесінде қолданылатын роботтардың кешені.

Баспасөз қызметі

 

 

Қазақ
× You found a Typo